Пікір

Менің асқар таудай армандарым өте көп. Осы армандарымның бірі де бірегейі, мені Қарағандыға,  «Bolashaq» академиясына  жетеледі. Осыдан үш жыл бұрын ғана арманыма айналған білім ордасы, қазіргі таңда шындыққа айналып, өмірдегі ұмытылмас кездер университет қабырғасындағы керемет күндерді өткізіп, қоштасқалы тұрмын. Білім ордасы маған есігін айқара ашқан күннен бастап, мені жаңа достар, жаңа адамдар, жаңа білім күтіп тұрғанын оған қоса мойнымдағы үлкен жауапкершілікті сезіндім.
«Bolashaq» академияның  ұстаздары да өте керемет, жанға жайсан жандар. Керек кезде қасыңнан табылады.

Оқу орнымның жетістіктері де аз емес.
Қорыта түйіндім: оқу орнымның осы жетістіктері, бүкіл ұжым мен студенттік ортаның еңселі еңбегі нәтижесі. Менде алдынғы уақытта осы жетістіктердін қатарын толтырамын деп сенемін.

Байхадамова Гульмира Амановна          (Здов 17-2к)