2022 жылғы 4 сәуірде Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары арасында тәжірибе алмасу шеңберінде Б.С. Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясының докторанттарының алдында заң пәндері кафедрасының меңгерушісі Қабжанов Ақылбек Тайболатұлы дәріс оқыды.
Дәрістің тақырыбы “Меншікке қарсы қылмыстың криминологиялық сипаттамасы”.
Сабақтар жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өтті, докторанттар үлкен қызығушылық танытты, алғыстарын білдірді және осындай жемісті кездесулерді одан әрі жалғастыруға сенім білдірді.
Мұндай алмасулардың мақсаты-докторанттарға басқа жоғары оқу орындарында оқудың қалай өтіп жатқанын, басқа жоғары оқу орындарында білім алуға қандай тәсіл қолданылатынын білуге, оқыту сапасын жақсартуға мүмкіндік беру. Мұндай бағдарламалар оқытушылардың ұтқырлығын дамытуға, оқыту ерекшеліктерімен танысуға, өзекті ақпаратпен танысуға, сондай-ақ олардың ұлттық заңнаманы қолдану практикасына жақсы бейімделуіне ықпал етеді.