«Ұлттың ұлы ұстазы Ахмет»

«Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек,

қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де

сақталу қамын қатар ойлау керек», – деген Байтұрсынұлы.

Қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасының оқытушылары мен студенттері Қазақстан халқы тілдері мерекесі және ХХ ғасырдағы қазақ халқының ұлы тұлғасы болған Ахмет Байтұрсынұлытың туған күніне орай «Ұлттың ұлы ұстазы Ахмет» атты онлайн дөңгелек үстел өткізді.

Аталмыш шараға кафедра оқытушылары мен студенттері қатысты. Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаян, шығармашылығы туралы тың ақпараттар айтылды. Қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасының студенттері Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін оқыды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.