“Мен өмірді таңдаймын”жобасы аясында студенттермен кездесу

15 қыркүйекте “Вolashaq” академиясында “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ “BIZ BIRGEMIZ жастар лигасы” және” Ассамблея жастары” РҚБ өкілдігінің қолдауымен синтетикалық есірткіге қарсы жалпыұлттық күресті қолдау мақсатында “Мен өмірді таңдаймын”жобасы аясында студенттермен кездесу өтті.

Кездесудің спикері “BeKind” мектептерінде буллингтің алдын алу және “BeGreen” жастар арасында жасыл дағдыларды тарату бойынша Ұлттық еріктілер желісі мен ЮНИСЕФ жобаларының тәлімгері, #AslanSpeak жобасының авторы, “Ассамблея жастары”дебаттар лигасының жетекшісі Асылан Смағұлов болды.

Спикер студенттерге тыйым салынған заттардың қауіптілігі туралы ескертті және студенттерді синтетикалық есірткінің қоршаған ортаға таралуы мен қолданылу проблемасына бей-жай қарамауға шақырды.

Кездесу барысында студенттер үлкен қызығушылық танытып, белсенді сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.