Білім сапасы – мұғалім ізденісінде

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, оқушы жүрегіне жол таба білуі. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімді  болуы қажет. Қазіргі мұғалім педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын, өзгерістерге тез төселетін, жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын, оқушылармен ортақ тіл табыса алатын, білімді, іскер, шебер болуы керек. Осындай бір керемет мамандықты игеруде студенттер үшін ең алғашқы баспалдақ – педагогикалық практика маңызды рөл атқарады.

Мен үшін практикадан өтіп жүрген уақытым, ол –   мол біліммен сусындатушы қайнар бұлақ. Кеше ғана мектеп табалдырығынан оқушы болып аттанған едік, ал қазір жағарғы оқу орнын тәмамдап, мұғалім ретінде үлкен өмірге аттанғалы тұрмыз. Уақытқа тосқауыл қоя алмасақ та, уақытты тиімді пайдалана алуымыз керек. Ал сол уақытымызды тиімді пайдаланып, машықтану үшін практикада жүрген уақытымызда оқушыларға көптеген жаңа әдіс-тәсілдермен білім бере алуымыз қажет. Себебі, біз болашақ мұғалімбіз!

Мен де өз практикамда сабақ беру барысында уақытты тиімді пайдаланып, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында әдіс-тәсілдермен толығып, оларды пайдаланудамын. Ең жиі пайдаланатыным «wordwall», «learningapps» және «kahoot» платформалары. Осы әдіс-тәсілдер арқылы мен сабақта қойған мақсатыма жете алудамын.   Ал балалардың қызыға, құлшына сабақ оқығандағы көрінісі маған үлкен қуаныш сыйлайды. Мен дәл осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.