Нашақорлық пен маскүнемдік – қоғамға төнген қауіп

2023 жылдың 17 наурызында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Б.А.Абылбаева   К-22-1 тобында «Темекі, маскүнемдік және нашақорлық» атты тақырыпта куратор сағатын өткізді. Куратор сағатында студенттер нашақорлық  пен  алкоголдік ішімдіктердің зияны мен қасіреті туралы ақпаратпен бөлісіп, оған өмірде ешқашан орын жоқ екені туралы өз ойларын айтып, презентация және видео арқылы дәлелдер келтірді.

 «Бүгінде нашақорлық пен маскүнемдік қоғамдағы ең күр­делі мәселенің біріне айналып отыр. Әсіресе, кейбір жастар мен жасөспiрiмдеріміздің уа­қыт­ша «таңғажайып өмір» сыйлар есалаңдық жағдайдың құлы болып жүрген жайы бар. Міне, біздер осы өткір де күрделі мәселемен күнделікті бетпе-бет кездесіп отырамыз» – деп ортаға ой сала отыра, енді одан құтылудың жолдары қандай деген мәселенің төңірегінде өз ойларын айтты.   Студенттер қазіргі кездерде дүкендерде сатылатын өмірге қауіпті зиянды заттарды тоқтату керектігін және отбасында, қоғамдық орындарда балалармен, жастармен жұмысты жүргізуді  қатаң түрде қолға алу  керектігін баса айтып өтті. Яғни, тәртіпке бағынбайтын жағдайда заң жүзінде әртүрлі шара қолданылса, оқудан, жұмыстан шектетілсе деген ойлармен бөлісті.  Өте құнды тақырыпта өткен куратор сағатының алатын тәрбиелік мәні өте зор болды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.