Академиялық ұтқырлық аясында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің доценті А.Қ.Калдыбаева 25 сәуірден 15 мамырға дейін “Дәрілік заттарды зерттеудің және талдаудың жалпы әдістері” және “Синтетикалық дәрілік заттардың жіктелуі, номенклатурасы және ізденістерінің негізі бағыттары” пәндері бойынша ФМ-21-2 және ФМ-23-2 топтарында сабақтар циклін өткізді. Сабақтар ақпараттық және танымдық түрде болды, бұл барлық қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Дәрістер жоғары кәсіби деңгейде өткізілді.
Қарағандыда болған кезінде доцент А. К. Қалдыбаева өзінің дипломшыларымен бірге “Қазіргі әлемдегі ғылым және білім” атты жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Академиялық ұтқырлық аясындағы жұмыстың нәтижесі С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетімен Ынтымақтастық туралы меморандум жасасу болды.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Шоранова Марат Едігеұлына алғысымызды білдіргіміз келеді.
Әріптестерімізге шығармашылық табыс пен жемісті ынтымақтастық тілейміз!