Жеңістің оңай келмегені үшін сіздерге жерге дейін басымызды иіп тағзым етеміз

Хайруллин Зағит Хайроллаұлы

1910-1987

Кеңес Әскері қатарына 1940 жылы шақырылды.

Соғыс жылдары 61 армияның 356 дивизиясының 1153 полкінің құрамында қызмет етті.

Өзінің алғашқы ерлігін 1942 жылы Сталинград қорғанысы кезінде, 4-ші жеке гвардиялық ротасының мотоциклисті болған кезінде көрсетті. Сталинград шайқасы үшін марапаттауға берілген сарбаздардың тізімі сақталған.

Мәскеу қорғанысына қатысқан. Автоматшылар взводының командирі болған.

Мұрағаттық құжаттарға сәйкес 25.07.1942, 07.12.1942, 06.07.1944 жылдары үш ерлік жасады, сол үшін 1 дәрежелі Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.

Марапаттар тізімі:

“Сталинградты қорғағаны үшін” медалі, 22.12.1942;
“Ерлігі үшін” медалі, 30.10.1943;
“Мәскеуді қорғағаны үшін” медалі, 01.05.1944;
Қызыл Жұлдыз Ордені, 17.07.1944;
“1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін” медалі, 09.05.1945;
1985 жылы 6 сәуірде Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгеніне 40 жыл толуына орай II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды.

Жеңісті лейтенант атағымен қарсы алды.

Вахитов Талип Халимович

1919-1979

Кіші сержант атағында 94 атқыштар полкінің құрамында Жапониямен соғысқа қатысқан. 1941 жылы Татар АКСР-нің Ақтаныш аудандық әскери комиссариатынан әскери қызметке шақырылды.

Ол үшін соғыс 1945 жылы 3 қыркүйекте аяқталды. 1946 жылдың маусымына дейін Қызыл Армия қатарында қызметін жалғастырды.

“Үкіметтік наградалар” бағанында “Жапонияны жеңгені үшін Медаль” деген жазбасы бар әскери билеті сақталған, .

Өкінішке орай, тек фотосуреттерде ғана сақталынған басқа да медальдармен марапатталған.

Батырлардың немересі Альфия Фаритовна Хайруллина

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.