“Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері” республикалық ғылыми-практикалық конференциясы (халықаралық қатысумен). № 2 Секция

2022 жылдың 25 ақпанында “Bolashaq” ЖМ академиясында “ЖАСТАР ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ” атты жыл сайынғы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция (халықаралық қатысумен) өтті.

Пленарлық отырыстан кейін, сол күні сағат 14:00-ден 16:30-ға дейін № 2 секцияның : “Қаржы жүйесінің мәселелері және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру” тақырыбыыдағы жұмысы өтті, оның барысында “Bolashaq” академиясының Қаржы кафедрасы студенттерінің 19 баяндамасы тыңдалды.


Секцияның төрайымы кафедра меңгерушісі э.ғ.к., профессор Дарибекова АйгульСагатбековна; хатшысы – э.ғ.м., аға оқытушы Байтасова Амина Бериковна болды.

Студенттер ұсынған баяндамалар бүгінгі күні өзекті тақырыпты қамтып, экономика және қаржы саласындағы өте маңызды проблемаларды көтерді.

Секция бойынша жалпы ескертулер: жас зерттеушілер теория мен практика арасындағы тепе – теңдікті сақтауы керек, сонымен қатар зерттеудің мәнін айту үшін 5 минут жеткілікті екенін есте ұстауы керек.

Жағымды жағынан алғанда, секциялық отырыста ұсынылған баяндамалар әртүрлілігімен ерекшеленетінін, өзекті мәселелерді көтеріп, әрі қарай ойлануға дем беретінін, ал баяндамашылар сұрақтарға сенімді жауап беріп, материалды меңгергендігін көрсеткенін қуанышпен атап өтеміз.

Конференцияның барлық қатысушыларына алғысымызды білдіреміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.