2024 жылдың 22 қаңтарында Қарағанды облысы Білім басқармасының Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің «Березняк жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Жаңартылған білім мазмұны: Өзекті проблемалар және оларды шешу ізденістері» тақырыбында ұйымдастырылған дөңгелек үстелге «Bolashaq» Академиясы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессоры Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы қатысып, мұғалімдерге жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері туралы баяндама жасады. Баяндамада қазіргі таңдағы білім берудің жаңаша әдістерінің тиімділігі мен оларды жетілдіру жолдары және жетістіктері мен мүмкіншіліктері туралы айтылды.

