2019 ж.22 қарашада “Bolashaq”академиясы “Жаңару”с ыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыспен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды (РҚБ төрағасы – О. А. Әбдікәрімов).

Меморандумға сәйкес, “Bolashaq” академиясының миссиясы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өзара іс-қимылды жолға қою.

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту” бағдарламасы Меморандумға қол қойылғаннан кейін үш күннен соң ағымдағы жылдың 25 қарашасында іске қосылды.

“Bolashaq” Академиясының ғимаратында қамаудағылар құқықтары жөніндегі қоғамдық бақылау комиссиясымен бірлесіп ҚР ІІМ Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өткізілді.

Семинарға қатысушылар алдында Академия ректоры, профессор Қ. Н. Меңлібаев құттықтау сөз сөйледі.

Семинар аясында академияның жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы Б. И. Бектұрғанова “сыбайлас жемқорлықсыз демократияны қалай құру керек”тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.

Семинар соңында қатысушылар сертификаттар алды.








