Хабарландыру

“Өрлеу “біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” акционерлік қоғамы бітіруші курс студенттеріне педагогикалық практикадан өтуге дайындық шеңберінде “Өрлеу”біліктілікті арттыру ұлттық орталығының үздік оқытушылары өткізетін практикаға бағытталған шағын курста оқуды ұсынады.

Бұл курста студенттер біле алады:

  • білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары туралы ;
  • типтік оқу бағдарламаларының мазмұнын талдауды;
  • критериалды бағалаудың құрылымы мен принциптерін және оның мазмұнын зерттеуді;
  • қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеуді машықтауды;
  • формативті бағалау кезінде рефлексия және кері байланыс әдістерін қарастыруды,
    айдар жазу алгоритмін.

Үйренеді:

  • модерацияны міндетті рәсім ретінде қолдануды;
  • жоспарлардың ерекшеліктерін әзірлеуді: ұзақ мерзімді, күнтізбелік-тақырыптық, орта мерзімді
    және қысқа мерзімді;
  • сабақты жоспарлаудың әдістемелік конструкторын қолдануды.

“Өрлеу” жаттықтырушылар құрамы осы курста білім алушылардың танымдық қызметін жандандыру үшін педагогикалық практика және мектептегі бірінші жұмыс жылы кезінде пайдаланылуы мүмкін әдістемелік құралдар пакетін әзірледі.

Сіздің қызығушылығыңыз болған жағдайда біз сізге толығырақ ақпарат беруге, сондай-ақ сіздің оқу орныңыздың нақты қажеттіліктеріне бағытталған оқу бағдарламасын әзірлеуге дайынбыз.

Оқыту курсын ұйымдастыру бойынша сұрақтарды келесі сілтемеге жіберуге болады:

liskakova@orleu-edu.kz

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.