“ТМД үздік студенті-2023” халықаралық байқауы

2023 жылдың көктемінде “ТМД үздік студенті” халықаралық байқауы өтті. Іс-шараға “Bolashaq” Академиясының құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., профессор Қабжанов Ақылбек Тайболатұлының жетекшілігімен “Құқықтану” ББ 1 курс магистранты Қазанаева Лилия Игоревна қатысты.

Магистрант Қазанаева Лилия білім, ғылым, спорт және мәдениетке қосқан үлесі үшін II дәрежелі дипломмен және “ТМД-ның үздік студенті-2023” медалімен марапатталды. Магистранттың ғылыми жетістіктері “Бөбек” Жалпыұлттық қозғалысы “қауымдастығы нысанында заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылыми-білім беру мекемелері арасында “ТМД-ның үздік студенті-2023” халықаралық кітап басылымында жарияланады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.