2022 жылдың 19 сәуірінде жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы Косманова А.Б. барлық білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттерімен “Рухани жаңғыру “бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” тақырыбында практикалық сабақ өткізді.
Практикалық сабаққа “Bolashaq ” академиясының Ғылыми зерттеулер орталығы және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы Е.Е.Серімов және ЖБП кафедрасының профессоры М.Б. Щащанова қатысты.
Елужан Елемесұлы “Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы отандық білім беру сапасын әлемдік озық тәжірибемен таныстыра отырып, әлемнің ең мықты жоғары оқу орындарының деңгейіне шығаруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Студенттер Д.Бринкерхофтың жетекшілігімен жазылған әлеуметтанушылардың “Әлеуметтану негіздері” оқулығын талдап, қоғам және оның құрылымы туралы кең ақпарат алды.
Студенттер қоғамдағы түрлі іс-әрекеттер мен мінез-құлықтар, адамның рухани және материалдық мәдениеті мен құндылықтары туралы мәліметтер алды.