2022 жылғы 19-сәуірде «Bolashaq» академиясында Жалпы білім беру пәндері кафедрасы «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» Қазақстан халқына Жолдауындағы идеялар негізінде құндылықтарды жаңғырту сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мәдениеттілігін қалыптастырудағы рухани фактор» атты республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференцияның негізгі мақсаты жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мәдени-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, адамгершілік-психологиялық негіздерін қалыптастыруды көздейді. Конференцияны философия ғылымдарының кандидаты, профессор Ф.Ф. Саттарова жүргізді.
Пленарлық мәжілісте «Bolashaq» академиясының ректоры, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Қ.Н. Меңлібаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауының жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылық пен адамгершілік сананы қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында сөз қозғап, конференцияны ашып берсе, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыстың» бас сарапшысы Қ,Х. Әлиев «Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік ахуалын және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру», осы қозғалыстың баспасөз хатшысы Б.А. Жұмаділдин «Қазақстанды цифрландыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес құралдарының бірі ретінде», жалпы білім беру пәндері кафедрасының профессоры Ф.Ф. Саттарова «Президент Жолдауының сыбайлас жемқорлыққа қарыс күрестегі идеялық-құндылықтық маңызы», Ғылыми-зерттеу және жоғарыдан кейінгі білім беру орталығының басшысы, заң ғылымдарының кандидаты Е.Е. Серімов «Сыбайлас жемқорлықты тудыру факторлары» тақырыптарында баяндама жасады.
Секциялық отырыстарда академияның білім беру бағдарламаларының студенттері – Рахимбекова Ақбөпе и Жабборов Жаһирхан (ФМ-20-2), Курманияз Жанель (ФМ-20-2), Гартман Зинаида (Ю-21-1), Оразкенов Амирхан (Ю-21-1), Зайчикова Екатерина (Ф-21-1), Маргарита Фатхудинова (ФМ-20-1), Жумабаева Дарина (ФМ-20-1), Магзум Гульзат (ФМ-20-1), Киева Анастасия, (Ин-21-1к.), Тельман Жигер (Ю-21-1), Кулешова Альбина (Ф-21-1) және т.б. студенттер қызықты баяндамалар жасап, өз ойларын ортаға салды.