2023 жылдың 10 наурызында Саран қаласының жұмыспен қамту қызметі мектептер мен колледж түлектеріне арналған дәстүрлі жәрмеңке ұйымдастырды. Жәрмеңке Саран қаласының Мәдениет үйінде өтті.
Қала жастары мен болашақ талапкерлерді оқу орындарымен таныстыру мақсатында жәрмеңкеге Қарағанды облысының жоғары оқу орындары мен колледждері шақырылды. Аталған іс-шараға кафедра оқытушылары қатысып, түлектерді Академиямыздың білім беру бағдарламаларымен таныстырды.
Бұл жәрмеңке-халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөніндегі жұмысының тиімді нысандарының бірі, ол еңбек нарығында өз бетінше бағдарлануға және қолда бар мамандық бойынша өз жұмысын таңдауға немесе қайта оқыту арқылы жаңа өзекті кәсіп алуға мүмкіндік береді. Жәрмеңкеге барлығы 700-ден астам адам қатысты.