“Педагогика” кафедрасының оқытушылары А.М. Тәжинин мен С.С. Шутенова 2023 жылғы 10 желтоқсанда өткен “Үздік педагог – 2023” педагогикалық қызметкерлерге арналған халықаралық республикалық конкурсқа қатысты.
Байқау ғылым мен білім беруді қолдау, үздік инновациялық идеяларды анықтау мақсатында өткізілді.
Осы байқауға А.М. Тәжинин мен С.С. Шутенова “Бастауыш мектепте оқыту сапасын арттыру үшін электрондық құралдарды қолдану” тақырыбында ғылыми мақала жіберді.
Конкурс нәтижелері бойынша авторлар “Үздік педагог – 2023” республикалық конкурсына қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.