“Bolashaq” Академиясында асхананың ашылуына байланысты пікірлер

Ибраева Баян Мукушевна, ф.ғ.к., Шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының профессоры:

Міне, қиындыққа түскен 2020 жыл да аяқталды! Қандай да жыл болсын, біз Адам болып қаламыз және адамдарға қандай да болсын жеңілдік жасау туралы әрдайым ойланамыз.

“Bolashaq” академиясы әрқашанда студенттер мен ПОҚ -ты бірінші орынға қоюымен ерекшеленеді. Біздің әкімшілік Жаңа жыл қарсаңында тағы бір тосын сый жасай алды.

2020 жылдың 29 желтоқсанында мені номинациялар бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне шақырды. Марапаттаудан кейін бізді бірінші қабатқа түсуге шақырды, ал бұл жерде бізді тосын сый – жаңартып қайта өзгертілген асхана күтіп тұр екен!

Бұл әріптестермен және студенттермен бір шыны шай немесе кофе ішуге болатын нақты лайықты орын. 1997 жылдың қаңтарынан бастап қызмет етіп келе жатқан өзімнің туған ұжымымның шеңберінде туған күнімді атап өту идеясы осы жерде бірден ойыма келді.

Мен әрқашан студенттерім мен балаларыма “рахмет”деп айтуды үйретемін. Бүгін тағы да осы мықты, сапалы орындалған жобаға қатысқандардың барлығына алғысымды білдіргім келеді. Мен аттарын атамаған адамдарды ренжітпеу үшін олардың аттарын жазбаймын, бірақ үш адамды айтуға әбден болады – бұл ректор Қ. Н. Меңлібаев, проректор Г. М. Рысмағамбетова және кәсіподақ төрайымы Дагилева П.Т. Жаз бойы олар біздің асханамызды жайлы етуге тырысып, осы жобамен айналысқан екен. Асхана кафесінде электр сымдары өзгертілген, сапалы сорғыштар, жаңа құбырлар жасалынған. Дизайн мен жиһаз көзді қуантарлықтай! Кеудеге қуанышты сезім ұялатады!

Керемет асханада керемет аспаздарды күтеміз!

Жаңартылған асхана-кафеде береке-бірлік болсын ! Мен осындай жайлы жерге бірінші болып кіретін бірінші курс студенттеріне қызығамын.

Кабжанов Ақылбек Тайболатович, з. ғ. к., профессор, заң пәндері кафедрасының меңгерушісі:

Жаңа асхананың ашылуы – азық-түлік және эстетикалық ләззат ғибадатханасының ашылуы.

Жаңа жыл қарсаңында біз заманауи бизнестің барлық заңдары бойынша жаңғыртылған Академия асханасының ашылғанына қуандық.

Біздің асхана ертегіге айналды деп айту – ештеңе айтпау дегенмен бірдей, оны сііз өз көзіңізбен көруіңіз керек!

Кез-келген жердегі тамақтану орны адамға эстетикалық ләззат беруі керек. Тамақ ішу сияқты қарапайым, күнделікті іс-әрекеттегі ең басты нәрсе практикамен үйлесетіін дизайнерлік шешім, жақсы көңіл-күй мен тәбеттің жоғарылауына ықпал ететін түс схемасы болып табылады деп ойлаймын.
Әріптестеріміз бен білім алушыларымыз үшін осындай ғажайыпты жасаушы Академия басшылығы мен ұйымдастырушыларға,
ерекше алғысымызды білдіреміз.

“Bolashaq”академиясының басшылығына үлкен рахмет айтамыз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.