12 – қарашада студенттердің «Әділет» ғылыми үйірмесінің мәжілісі өтті. Үйірменің мәжілісі «Қазақстан Республикасының қылмыстық – процестік заңнамасындағы жаңа өзгерістер» тақырыбы бойынша өткізілді.
Үйірменің мәжілісін заң пәндері кафедрасының доценті Жукобаев А.А. өткізді, оның баяндамасы студенттердің қызығушылығын тудырды.
Үйірменің мәжілісінде Қазақстан Республикасының қылмыстық – процестік кодексінің негізгі ережелері мен жаңашылдықтары, құқықты қолдану тәжірибесінің бұлтартпау шараларын қолдану және күдіктілердің құқықтарын қаматамасыз ету мәселелері қарастырылды.
Күдіктілерді тінту мен ұстаудың мәселелері үйірменің мәжілісіне қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.