2024 жылдың 16 мамырында «Boloashaq» Академиясында интеграцияланған пәндер ішіндегі «Ғылыми зерттеудің негіздері» пәні бойынша ф.ғ.к., профессор Ф.Ф. Саттарованың ұйымдастырушылығымен 1-курс студенттерімен ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференцияның негізгі мақсаты: студенттерді ғылым мен білімнің құндылығын, ғылыми зерттеулердің идеалдары мен нормаларын, ғылыми танымның деңгейлері мен әдіс-тәсілдерін және ғылымның методолгиясын терең меңгеруге бейімдеу болды.


Студенттер гуманитарлық пәндермен қатар жаратылыстану ғылымдарының ғылыми зерттеудегі маңызын философиялық компоровистика, пәнаралық синтез, мәдени-тарихи реконструкция, эмпирикалық және теоретикалық ғылыми зерттеу деңгейлерінің әдістерін пайдалану арқылы интеграциялық пән бойынша жасалған ғылыми жобаларын қорғады.
Конференцияда қорғалған ғылыми жобалар:
1.Оразалыева Аяулым ПМНО-23-2 «Ғылыми зерттеудің методологиялық және теоретикалық негіздері мен ерекшеліктері»

2. Дудукина Ксения К-23-1, «Ғылыми зерттеуді архитектоникасын анықтау және библиографияларды жүйелеу»

3.Төлеген Сырым К-23-2 «Күй өнері этно-мәдени құндылық тақырыбы бойынша ғылыми зерттеудің құрылымы мен әлеуметтік сауалнамаларды қорытындылау»

4.Блялова Аяулым К-23-2; «Жарнамадағы тіл мәдениетінің қажеттілігі. Ғылыми зерттеудегі респонденттердің жауабын талдау»

5. Жаксылыкова Дана К-23-2; «Менталитет тұлғаны құрастырушы құндылық тақырыбындағы гипотеза мен теория ара-қатынасын анықтау»

6.Джолдасбаева Эльмира ИН-23-2; «Отбасы әлеуметтік құндылық тақырыбы бойынша ғылыми жоба барысында қолданылған әдебиеттердің ғылыми зерттеудегі маңызы».

7. Кадрин Тілеген Ю-23-2; «Академик С.Зимановтың ғылыми зерттеулерінің идеялық-құндылықтық маңызы.»
Ғылыми-практикалық конференцияға «BOLASHAQ» Академиясының ұжымынан қатысқан:
Оқу-әдістемелік басқармасының басшысы: Таликова Галия Тюляковна

Оқу-әдістемелік кеңестің хатшысы: АЛЕКСЕЕВА ЕВГЕНИЯ АНДРЕЕВНА;
ЖББП кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м. Айтжанов Д.К. студенттердің ғылыми жобаларды қорғау барысындағы ғылыми дәрежесіне кәсіби тұрғыдан баға берді.