Оқытушылардың академиялық ұтқырлығы

Академиядағы оқытушылардың академиялық ұтқырлығы серіктес жоғары оқу орындарымен ЖОО аралық шарттар аясында жүзеге асырылады. Фармацевтикалық пәндер кафедрасы Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру үшін жоғары оқу орындарымен 4 шартқа қол қойды.

2021-2022 оқу жылындағы 01.03.22-05.04.22 аралығында Қарағанды техникалық университетінің оқытушылары м.ғ.к., “Кеніш аэрологиясы және еңбекті қорғау” кафедрасының доценті А.Ж. Ахметова, техникалық ғылымдар магистрі., “Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау” кафедрасының аға оқытушылары Кокенова М.Ж., Ирангип С.Р. келуші академиялық ұтқырлық бойынша ФМ-20-2 гр-да “Фармацевтикалық гигиена және еңбекті қорғау негіздері” пәні бойынша практикалық сабақтар өткізеді.

Осы кезеңде Қарағанды техникалық университетінде фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Г. Н.Тукубаева онлайн-форматта “Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы” пәні бойынша практикалық сабақтар өткізеді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.