Республикамызда жыл сайын атап өтетін Қарттар күні мерекесіне орай «Bolashaq» Академиясы волонтерлер ұйымы 2 қазан күні арнайы «Қарттар үйіне» барып қайтты. Қарияларымызды рухани және материалдық қолдау мақсатында концерттік бағдарлама сондай-ақ, сый – сыяпат көрсетіп қариялардың ыстық ықыласына бөленді. Жастар қариялармен сөйлесті, сырласты, көңілде жүрген айтар ойларын тыңдады және өз өнерлерін ортаға салды.
![](https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2023/10/IMG-20231003-WA0017-563x1000.jpg)
Кеш жүргізушілері: Жұрағат Аймарал (К-20-), Науменко Полина (ИН-23-1).
Өнерлі жастарымыз – Алматұлы Ақжол (К-22-1), Хағазбай Ұлжан (Ин-22-2), Ошакбаева Дана (ПМНО-22-2), Сүлейменова Нұргүл (ПИП-22-2) қарттарымыздың көңілдеріне қуаныш сыйлады.
![](https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2023/10/IMG-20231003-WA0016-1-563x1000.jpg)
![](https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2023/10/IMG-20231003-WA0019-563x1000.jpg)
![](https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2023/10/IMG-20231003-WA0015-563x1000.jpg)
![](https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2023/10/IMG-20231003-WA0018-563x1000.jpg)
Іс-шараға ЖІК, Академия ұжымы оның ішінде, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының ұстаздары мен студенттері ат салысты.Осы кешті ұйымдастыруға қол ұшын берген Қарттар үйі мекемесі әкімшілігіне алғыс білдіреміз!
![](https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2023/10/IMG-20231003-WA0013-1000x563.jpg)