Тіл – достықтың көпірі

Тіл-достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз.Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмақшы емес, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.


5 қыркүйек күні «Қазақстан халқы тілдері» күніне орай “Bolashaq” Академиясында «Тіл-достық көпірі» атты іс-шара өтті.Бұл күні тек қана тілдер күні емес,қазақ халқының XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш Орда өкіметінің мүшесі- Ахмет Байтұрсынұлының туған күні де атап өтілді.


Аталған іс-шарада Ин-21-1 тобының студенттері Шитова Екатерина мен Терещенко Владлен ән айтып өз өнерлерін көрсетті.Кешті К-21-1 тобының студенті Шари Қымбат және Кр-21-1 тобының студенті Сыздық Диляра тілдер күніне және Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығына байланысты дайындаған баяндамаларымен жалғастырды. Кеш соңында К,Кр-21-1 топтары дайындаған викториналық сұрақтар қойылып, іс-шара қызықты аяқталды.


Аталған жиын “Jauhar” үйірмесінің, ЖІК-нің,студенттік өзін-өзі басқару ұйымы белсенділерінің ұйымдастыруымен жоғарғы деңгейде өтті. Іс-шараға оқытушылар, “Шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация” кафедрасы және “ Қазақ тілі мен әдебиеті”кафедрасының студенттері қатысты.


Іс-шараға қатысқан барша көрермендерге және ұйымдастырушылар мен кеш жүргізушілері Кадрин Тілеген мен Науменко Полинаға алғыс айтамыз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.