2020 жылдың 12 желтоқсанында Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы онлайн режимінде Академияның оқу қызметінің жұмыс мәселелері бойынша кафедраның жоспарлы отырысын өткізді.
Отырыс барысында топқа қолдарында ағылшын тілінде алғыс хаттар жазылған студенттер және кафедра әріптестері қосылды.
Осы флешмоб арқылы студенттер, түлектер және кафедра әріптестері “Bolashaq” академиясының ардагері, профессор Ибраева Баян Мукушевнаға ризашылықтарын білдірді.
“Қашықтықтан оқыту жағдайында бізге қарым-қатынас, адамның жылуы, бір-бірімізге күлімсіреуіміз жетіспейді. Міне, қазір біз осы олқылықтың орнын толтырып, Баян Мұқышқызы, Сізге өз сүйіспеншілігімізді білдірумен қатар, Сіздің еңбегіңіз бен біздің ЖОО-ның дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтқымыз келеді. Сіздердің арқаларыңызда, сіздердің табандылықтарыңыздың арқасында біздің кафедра жемісті жұмыс істеп келеді және ол осы жылы өзінің 25 жылдығын атап өткен Академияның гүлденуіне үлкен үлес қосуда”, – деп атап өтті Шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының меңгерушісі Газиханова Жанар Ғазизқызы.
Кафедра түлектері Баян Мұқышевнаға алғыстарын білдіріп, оның кәсіби қызметіндегі жетістіктері мен еңбектері жөніндегі ойларымен бөлісті, олардың өміріндегі Академияның рөлін атап өтті.
Студенттік кезеңдегі жарқын естеліктер де назардан тыс қалмады.
Баян Мұқышқызы өзіне көңіл бөлгені үшін барлығына алғысын білдіріп, кафедраның әрбір отырысын бір-біріне алғыс айту сөздерінен бастауды ұсынды.
Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы масс-медиа орталығының директоры Альфия Фаритовна Хайруллинаға осы флешмобты ұйымдастыруға көмектескені үшін алғыс білдіреді.