Тергеу ардагерлері Қарағанды облысының ПД-да құрметке ие болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу күні қарсаңында Қарағанды облысының ПД ардагерлері ҚР ІІМ Қарағанды заң академиясының курсанттарымен және жас қызметкерлермен кездесті. Амангелді Бекжанов, Гүлнар Оспанова, Василий Башинский, Клавдий Толченова, Николай Саетгалин – тергеу аңыз адамдары. Олардың әрқайсысының артында бай тағдыр мен өмірбаян, қылмыспен күреске қосқан елеулі үлесі жатыр. Іс-шараны Қарағанды облысы ПД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Ернат Қалиақпаров ашты.
-Құрметті ардагерлер, біз туралы ұмытпағандарыңызға өте қуаныштымын. Сіздердің барлығыңыз жоғары дәрежелі мамандарсыз. Сіздер қалдырған білім Қарағанды практикалық тергеу мектебіне берілді. Және ол әрқашан жоғары деңгейде болды және тергеу үшін кадрлардың ұстасы болып табылады. Сіздерге зор рахмет айтамыз, денсаулық, амандық тілейміз! Естеріңізде болсын, сіздер ең қымбат уақыттарыңызды кетіріп тәрбиелеген қызметкерлердің ұрпағы лайықты мұрагерлерболды. “Сіздерге басымызды иіп тағзым етеміз”, – деді ол.
-Облыс ПД басшылығына құттықтаулары үшін алғыс айтқым келеді. Тергеушілер – бұл ойлауға және мемлекеттік шешімдер қабылдауға қабілетті сауатты қызметкерлер. Ал жас ұрпаққа-тек жұмыста сәттілік. Соны тілейік! Алға ұмтылайық! Ешқашан жігерімізді жасытпайық! – деген тілек тіледі Амангелді Бекжанов.
-Мен әрдайым облыс ПД басшылығының бізге, ардагерлерге қалай мұқият және қамқорлықпен қарайтынына таңданамын. Тергеуші деген атқа өз ісін сүйетін адам ғана лайықты бола алады. Сонда олар үшін жұмыс қызықты болады. Олар өз жұмысынан жалықпайды. Сондықтан жас қызметкерлер үшін оның кілтін табу маңызды. Ұмытпаңыздар, сіздер адал болуларыңыз және адамдарды құрметтеулеріңіз керек, – деп атап өтті Клавдия Толченова.
Ернат Қалиақбаров ардагерлерге ведомстволық наградалар мен грамоталар табыс етті.