2023 жылғы 10 сәуірде кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде Академияның профессор- оқытушылар құрамы Теміртау қаласының: №20, №14 мектеп-лицейі, №1 гимназия, №24, 19, 1, 17, 11, 16 ЖББМ, Ә.Бөкейханов атындағы гимназия түлектерімен кездесу өткізді.

Кездесуге сондай-ақ оқытушылар Б.О. Адалбекова, Г.К. Отыншиева, Ж. М. Баймурынов, В. А. Байбекова, Д. К. Айтжан, А. Б. Қосманова, Н. К. Құрманова, “Фармация” және “Қаржы” ББ студенттері қатысты.

Мамандық таңдау мәселесі әрдайым жоғары сынып оқушыларының алдында тұрады, ал қазір ол біздің қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты өзекті болып отыр.

Оқушылар белсенді қатысып, қабылдау шарттарына байланысты өздерін қызықтырған сұрақтар қойды. Біздің ЖОО-ның негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, оқыту нысандары және оқу ақысын төлеудің икемді жүйесі туралы ақпарат берілді.
