«Мағжан жыры мәңгілік»

        10- сәуірде Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының  К-20-1 тобының студенттері Оразхан Айкенже, Мұратхан Әужан,Жұрағат Аймарал және топ кураторы М.С Смагулова қаламыздағы Н.В Гоголь атындағы  Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен  қазақтың ұлы ақыны, шебер аудармашы, публицист, Алаш қозғалысының  қайраткері, артына өшпес мол мұра қалдырған қаламгер Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Мағжан жыры мәңгілік» атты әдеби-танымдық кешке шақырту алып  қатысып қайтты. Әр ұйымнан келген студенттер мен оқушылар кеште Мағжанның шығармаларынан үзінділер оқыды.Кешке Республикалық әдеби «Қасым» журналының бас редакторы,жазушылар одағының мүшесі,ақын ,жазушы Серік Сағынтай қатысып, Мағжанның шығармаларына тоқталып,өз ойын ортаға салды. Кеш өте әсерлі өтті. К-20-1  тобының студенттері Мұратхан Әужан «Түркістан», Оразхан Айкенже «Пайғамбар», Жұрағат Аймарал «Қазақ тілі»  шығармаларынан үзінділер оқып, өздерінің алғырлықтарымен көзге түсіп, алғыс хаттармен марапатталды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.