25 қараша күні Педагогика кафедрасының оқытушылары Мекадилова С.К., Байбекова В.А., Қосманова А.Б. “Bolashaq” академиясы 1-курс студенттерімен «Карлаг» мұражайына экскурсия жасап қайтты.
![](https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2022/11/IMG-20221125-WA0045-1000x750.jpg)
Студенттер Карлаг қасіретін зерделеп, оның ақтаңдақ тұстарынан мол мағлұмат алды.
Қазақ халқының қайғылы жылдарда жазықсыз құрбан болған тағдырлардың куәгері болған бұл ғимарат бүгінде мұражайға айналған. Студенттер” Карлаг” лагеріндегі қуғын-сүргінге ұшыраған жазықсыз жандардың өмір тарихымен танысып қайтты.
![](https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2022/11/IMG-20221125-WA0055-1000x750.jpg)