Құрметті достар!
“Bolashaq” академиясы сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен шын жүректен құттықтайды! Дәл осы күні-1 желтоқсанда Тұңғыш Президент сайланды, біздің мемлекеттілігіміздің бүкіл барысы мен дамуына даусыз ықпал ете отырып, Қазақстан Республикасының президенттік институты құрылды.
Бұл мереке көпұлтты Қазақстанның көк байрағы тігіліп, жылдар бойғы арманының орындалған күні.
Тұңғыш Президент күні-тарихи таңдаудың бірлігі күні. Елде президенттік институт – конституциялық құрылыс негіздерінің тұрақтылығының кепілі және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен одан әрі дамуына ықпал етуі тиіс деп саналады.
Бүгінде Қазақстан тұрақты түрде орныққан ұлтаралық келісімі бар, қоғамдық өмірдің барлық бағыттарында өзгерістерге қол жеткізген, экономикасы, ғылымы және мәдениеті тұрақты дамып келе жатқан мемлекетке айналды. Тұңғыш Президентіміздің сындарлы саясатының арқасында біз әлеуметтік-экономикалық даму үрдісіне қол жеткіздік.
Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық және бақыт тілейміз.
Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы дамып, нығайып, гүлдене берсін!
Біздің барлық бастамаларымыз нәтижелі, ал болашағымыз жарқын болсын!