“ТҰҒЫРЫ БИІК-ТӘУЕЛСІЗДІК” концерті

20220 жылғы15 желтоқсанда сағат 15.00 -де «Bolashaq »  академиясында “Тұғыры биік-ТӘУЕЛСІЗДІК” атты концерттік бағдарлама өтті. Мереке қарсаңында академиямыздың профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерін және студенттерді кәсіби шеберліктері мен қоғамдық жұмысқа белсене араласқаны үшін аудан, қала, облыс, әкімдерінің және облыс білім басқармасы мен қоғамдық ұйымдардың  және Академия ректор атындағы Алғыс хаттармен  марапаттау рәсімі жалғасын тапты.

Іс шараны академия ректоры Г.М.Рысмагамбетова ашып, профессор – оқытушылар құрамы мен қызметкерлерді және академия  студенттерін  шын жүректен мерекемен құттықтады.

Концерттік іс-шарада «Bolashaq» талантты жастары мен қонақтары  өнер көрсетті.

Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап келген қонақтарымызға шын жүректен алғыс айтамыз!

Іс-шарамызда өнер көрсеткен қонақтарымыз: Республикалық эстрада-ән байқауларының лауреаты, “I’ m singer”телевизиялық жобасының финалисі – Айнура Зейден.

 Республикалық, халықаралық би байқауларының Гран-при жүлдегерлері “Шолпы” би ансамблі, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әртістері “Шыңдауыл” ұжымы.

 Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенті Мархабат Мұрадәлі.

Тәуелсіздіміздің 31 жылдығы құтты болсын! Еліміз көркейе берсін!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.