«Тәуелсіздік жолындағы тарихи сананың эволюциясы: «Тарих және қазіргі заман» атты патриоттық-тәрбиелік, саяси іс-шара

2023 жылғы 11 желтоқсанда «Bolashaq» Академиясында ЖББ кафедрасының профессоры Ф.Ф. Саттарованың жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Тәуелсіздік жолындағы тарихи сананың эволюциясы: «Тарих және қазіргі заман» атты патриоттық-тәрбиелік, саяси іс-шара өткізілді.

Модератор: құқықтану факультетінің 1-курс студенті: Кадрин Т.Б.
Қазақ халқының сан-қилы заманынан тұратын тарихының маңызы мен идеялық – құндылықтық бағытын анықтайтын тарихи кезеңдердің эволюциясымен сабақтастығы жөнінде іс-шара барысында баяндамалар жасалды.
Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Студенттер өз баяндамаларында хандық дәуірден бастап Қазақстанның қазіргі тәуелсіздігіндегі саяси-рухани жетістіктеріне, қоғамның рухани жаңғырудағы маңызына ерекше тоқталды.Тарихи тұлғалардың тәуелсіздік жолындағы ерен еңбектерінің патриоттық-тәрбиелік мағынасын терең түсініп зерделеді.
Студенттер 16-желтоқсан оқиғасын жастар рухының өршіл намысы, тәуелсіздіктің саяси-рухани тұғыры ретінде ұғынады, тәуелсіздік жолында құрбан болған жастардың болашаққа, отанға деген патриоттық сезімі студенттердің көзқарастық, танымдық ұстанымына айналды.
Шығып сөйлегендер:
«Хандық дәуірдегі саяси идеялардың маңызы» – Калабаева Мерей: Ю-23-2 тобы;

«Тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық қозғалыстың саяси-тарихи маңызы» – Төлеген С. К-23-1 тобы;

«Алаш зиялыларының тәуелсіздік және мәдени автономия ұлттық идеясы»- Шағарғазы Л. Ю-23-2 тобы;

«Желтоқсан желі ызғарлы.16 желтоқсан – тәуелсіздіктің саяси-рухани тұғыры», Жаксылыкова Дана К-23-1 тобы;

«Тәуелсіздік – саяси-рухани құндылық» – тарих және қазіргі заман : Джолдасбаева Эльмира Ин-23-2 тобы;

Іс-шараны «Тәуелсіздік – ең басты құндылық» тақырыбындағы қорытынды сөзбен Кадрин Тілеген аяқтады.

«Тәуелсіздік жолындағы тарихи сананың эволюциясы»: «Тарих және қазіргі заман» атты патриоттық-тәрбиелік, саяси іс-шараға ӘТЖ проректоры – Исмайлова Р.Н., ОӘБ басшысы – Тулякова Г. Т., ОӘБ жетекшісі – Алексеева Е.А. қатысып, патриоттық-тәрбиелік саяси іс-шара барысында пікір алмасты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.