“Қазақстан Республикасындағы есірткіге қарсы іс-қимыл: тарих және қазіргі заман” монографиясы жарық көрді

“Bolashaq” академиясының заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы Ахметова Әсел Қасенқызымен бірлесіп жазылған “Қазақстан Республикасындағы есірткіге қарсы іс-қимыл: тарих және қазіргі заман” ұжымдық монографиясы жарыққа шықты.

Әсел Қасенқызы ҚР БҒМ Ғылым комитетінің “Қазақстан Республикасында есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық проблемалары” тақырыбындағы гранттық қаржыландыру жобасының қатысушысы, мемлекеттік тіркеу №: AP05135432.

“Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа қарсы іс-қимыл: тарих және қазіргі заман” монографиясында есірткінің өзекті мәселелері бойынша заңгер-ғалымдардың материалдары берілген. Есірткімен заңсыз іс-әрекеттер туындаған сәттен бастап қолданыстағы қылмыстық заңнамадағы соңғы өзгерістер мен толықтырулармен аяқталатын кезге дейін, оларға жауапкершілікті көздейтін заңнамаға кезең-кезеңімен тарихи талдау жүргізіледі. Есірткінің криминологиялық сипаттамасы беріледі: нашақорлық пен есірткі бизнесінің таралу себептері мен шарттары,есірткінің алдын алу жөнінде тиімді шаралар ұсынылады, бұл соның ішінде Қырғызстанда да қаралады.

Монография жоғары оқу орындарының студенттері, колледж оқушылары, ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, магистранттар, докторанттар, құқық қорғау және сот органдарының қызметкерлері үшін, сондай-ақ нашақорлық проблемаларына қызығушылық танытқандар үшін ғылыми және практикалық қызығушылық тудырады.

“Bolashaq” Академиясы кітапханасының қорына авторлық даналар берілді.

Одан әрі жемісті жұмыс тілейміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.