2-ақпан күні сағат 14.30 – да «Bolashaq» академиясының «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы студенттері арасында онлайн скайп алаңында «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты Рухани жаңғыру бағдарламасы негізінде ашық кураторлық сағат өтті.

Тақырып аясында студенттер өзара пікірталастырып, «Тәуелсіздік», «Тәуелсіздіктің басты құндылықтары», «Қазақстандық жол – 2050: ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» жолдауы, «Рухани жаңғыру», «Ұлы дала елі», «Мәңгілік ел идеясы» туралы өз ойларын ортаға салды.

Кураторлық сағатта ПжП-19-2 тобының студенттері Қуанышбай М. және ПжП-17-2 тобының студенті Мархабаева Г. жоғары белсенділік танытып, пікірталас соңы викториналық сұрақтармен аяқталды.

