Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің I Халықаралық кітап басылымы “Үздік ғылыми жұмыс – 2024” конкурсының қорытындысы бойынша І дәрежелі диплом

Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының меңгерушісі Қабжанов Ақылбек Тайбулатұлы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің “Үздік ғылыми жұмыс – 2024” атты I Халықаралық кітап басылымына қатысып, “Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының саяси-құқықтық детерминанттарын түсіну мәселелері” тақырыбында ғылыми мақала жариялады.

Ғылыми мақала ISBN халықаралық стандартты нөмірін бере отырып, Халықаралық жинақта жарияланған. Жобаның қорытындысы бойынша №759-06/2019k “Бөбек “жалпыұлттық қозғалысы” (Астана қ., Қазақстан), Ресейдің ғылыми дәйексөз индексімен (РИНЦ) (Мәскеу қ., Ресей) жасалған шарт шеңберінде мерзімді емес басылымдарды орналастыруға eLIBRARY.RU (https://elibrary.ru) ғылыми электрондық кітапхана сайтында метадеректерді орналастыру жоспарлануда (қажет болған жағдайда 2024 жылдың желтоқсан айының соңы / бұл орналастыруға ҰЭБ тарапынан қайта тексеруден өтетін бірегей жұмыстар талап етілуі мүмкін).

Материалдар ISBN халықаралық кодын тағайындаумен (www.bobek-kz.com) баспа сайтындағы электронды жинаққа орналастырылады.

Марапаттау рәсімі 2024 жылғы мамыр айының соңында Қазақстан Республикасының Астана қаласында Министрліктер үйінде өтті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.