Түркістандағы халықаралық конференцияға қатысу

“Bolashaq” академиясының Ю-19-2 тобының студенті Қожахметов Марлен 2021 жылдың 16-19 маусымы аралығында Түркістан қаласы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Қазақстан Студенттер Альянсы ұйымдастырған “Орталық Азияның жоғары білім кеңістігі: аймақтық ынтымақтастық, ұлттық реформалар” атты Орталық Азия мемлекеттерінің Білім министрлерінің қатысуымен өткен конференцияға қатысты.

Жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан елдерінің Білім министрлері және Қазақстан студенттер альянсының әр өңірдегі мүшелері қатысты.

Жиын нәтижесі бойынша, алдағы уақытта Орталық Азия елдерінде ЖОО Альясын қалыптастыру және Студенттер альянсын құру жоспарланды.

Одан бөлек, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен және Түркістан Халықаралық туризм университетімен меморандум жасалынды.

Сонымен қатар альянс мүшелері Арыстан-Баб, Қожа Ахмет Йасауи кесенелерінде, Ақмешіт әулие үңгірінде болды және Түркістан қаласында жаңадан ашылған “Керуен-сарай” көпфункционалды туристік кешенін аралады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.