Құрметті студенттер мен магистранттар! Сіздерді студенттік және магистрлік ғылыми жұмыстар байқауына қатысуға шақырамыз.
Ғылыми жұмыстар конкурсына Академияның барлық курстарының студенттері мен магистранттары қатыса алады. Конкурстың әрбір зерттеу бағыты бойынша (8 бағыт) үздік жұмыс анықталады:
- Қазақстан Республикасы заңнамасының даму перспективалары;
- Қаржы жүйесінің проблемалары және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- Дамып келе жатқан тұлғаның психологиялық-педагогикалық аспектілері;
- Үздіксіз білім беру жағдайында тұлғаны тәрбиелеу, оқыту және дамыту процестерін ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер;
- Қазақ филологиясы: бүгіні мен болашағы ;
- Тілдерді білу-мәдениетаралық коммуникация негізі;
- Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері;
- Химия-фармацевтика және биология-медицина ғылымдарының қазіргі даму кезеңіндегі өзекті мәселелері.
Студенттік және магистрлік ғылыми жұмыстар конкурсы студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ізденіс шығармашылығы дағдыларын дамыту, студенттер мен магистранттарды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту, инновациялық технологиялар базасында қазақстандық қоғам мен оның білім беру саласын дамыту проблемалары бойынша әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру және республикалық конкурсқа қатысу үшін үздік студенттік және магистрлік жұмыстарды іріктеу мақсатында өткізіледі.
Конкурсқа ұсынылатын ғылыми жұмыстардың тақырыбы қазіргі заманғы ғылым мен қазақстандық қоғамның дамуының өзекті проблемаларымен байланысты болуы тиіс, ең алдымен, білім беру саласының қалыптасуы мен дамуына, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу және дамыту проблемаларын шешуге арналған.
Байқау екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең 2021 жылғы 21 желтоқсан мен 1 ақпан аралығында ЖОО конкурсы кезеңіне қатысу үшін жіберілетін үздік жұмыстардың іріктелінуімен кафедраларда жүзеге асырылады.
СҒЗЖ конкурсының бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша кафедра сарапшылары мен СҒЗЖ үшін жауаптылар студенттер мен магистранттардың үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарын таңдап, жолдайды. Кафедралар немесе ғылыми үйірмелер ұсынған, тиісті түрде рәсімделген конкурстық жұмыстар Жас ғалымдар Кеңесінің төрағасына 2021 жылғы 1 ақпанда сағат 17:00-ге дейін Word форматындағы электрондық поштаға жіберіледі (электрондық пошта: do_kami@mail.ru).
Екінші кезең. 2021 жылдың 2 ақпан – 10 ақпан аралығындағы сараптамалық комиссиялардың жұмысы. Ректордың бұйрығымен бекітілген барлық білім беру бағдарламалары бойынша конкурстық сараптамалық комиссиялар түскен жұмыстарды қарайды, олардың сапасы мен маңыздылығын бағалайды, жүлделі орындарды анықтайды.
2021 жылғы 11 Ақпанда конкурс комиссиялары сайыскерлермен жұмыс тақырыбы бойынша кездесіп, әңгімелесу өткізеді (кездесу Skype онлайн режимінде өтеді). Әңгімелесу өтетін орынды ЖҒК төрағасы айқындайды, аудитория туралы ақпаратты сарапшыларға хабарлайды. Конкурсқа қатысушылар жұмыстарды тіркеуге сәйкес кезек бойынша сараптамалық әңгімелесуде сөз сөйлейді.
Конкурстың екінші кезеңі аяқталғаннан кейін ғылыми жұмыстар конкурсын қорытындылайтын бұйрық шығарылады. Байқау қорытындысы және байқау жеңімпаздарын марапаттау 2021 жылдың 26 ақпанында салтанатты түрде өткізіледі. Жеңімпаздар ҚР базалық ЖОО-да конкурстың келесі кезеңіне қатысу үшін анықталады.
Сілтеме: Конкурс-НИРС-положение-2020-21год