Студенттер мен магистранттарды ҒЗЖ халықаралық конкурсына қатысуға шақырамыз

“Bolashaq” академиясының Шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы Башқұрт мемлекеттік университеті Стерлитамак филиалының Башқұрт филологиясы кафедрасымен бірлесе отырып, жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарын 15.04.2021-02.05.2021. аралығында өтетін студенттер мен магистранттардың “ЛИНГВОДИДАКТИКА ЖӘНЕ ФИЛОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ” атты Халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауына қатысуға шақырады. Байқауға қатысу тегін.
Байқаудың тілі-қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз.
Конкурстық комиссия жұмыстарды келесі бағыттар бойынша қабылдайды::

  • Әлемнің тілдік бейнесі және мәдениеттердің өзара әрекеті;
  • Мәтін филологиялық талдау объектісі ретінде;
  • Шет тілдерін, ана тілін және туған әдебиетті оқытуды ұйымдастыру және жоспарлау лингводидактикасы мен әдістемесі ;
  • Жалпы және салыстырмалы-салғастырмалы тіл білімі;
    – Қазіргі когнитология және семантика.
    Байқау үш номинация бойынша өткізіледі:
  • ЖОО студенттерінің ҒЗЖ.
  • Магистранттар мен аспиранттардың ҒЗЖ.
    Конкурсқа ұсынылған материалдар Ережеге сәйкес келуі тиіс.
    Байқау қорытындысы бойынша әр номинация бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.
    Жеңімпаздар конкурс лауреатының дипломдарын алады.
    Барлық қатысушылар қатысушы сертификаттарын алады (электронды түрде, сұраныс бойынша).

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/04/%D0%9F%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5-%D0%9C%D0%B5%D0%B6%D0%B4%D1%83%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B4%D0%BD%D0%BE%D0%B3%D0%BE-%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D0%BA%D1%83%D1%80%D1%81%D0%B0-.doc

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.