2022 жылғы 23 қарашада «Bolashaq» академиясы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Қ.З.Сембиев Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтында өткізілген «Жаһандану дәуіріндегі түркі тіл білімінің өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық конференцияда «Қазақстан топонимикасының өзекті мәселелері» жөнінде баяндама жасады.
Сонымен бірге Қ.З.Сембиевтің іссапары аталмыш жылдың 24-25 қарашасында «Өзбекстан мемлекеті Нүкіс қаласында Қарақалпақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Түркі тілдерін зерттеу мен дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысып, пленарлық мәжілісте «Әз-Замахшаридің «Мукаддимат әл-Әдәб» сөздігі туралы» баяндамасымен жалғасын тапты.