2023 жылғы 10-11 сәуірде Әлімхан Ермеков атындағы мектеп – лицей (Балқаш қ.) базасында “The Ulytau Educational Foundation” қайырымдылық қоры” ҚҚ және Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының қолдауымен “Орта білім беру сапасы: өлшеу, талдау, басқару” тақырыбында халықаралық конференция өтті.
“Шабыттандыратын және ынталандыратын тұлғалар” жинағымен (Қарағанды, 2023. ISBN 978-601-7937-17-1) облыстық “Өнегелі өмір” жобасын іске асыру аясындағы конференция көрмесінде 10 сынып оқушысы Құнанбаев Аңсар таныстырды. Биылғы оқу жылында жоба аяқталу сатысында.
Жинақтың рецензенті “Bolashaq” академиясының “Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация” кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, доцент Ж. Г. Газиханова: “Жариялауға ұсынылатын жұмыста жанды диалог түріндегі бірегей материалдар бар, онда біз спикерлерге ұсынылған сұрақтарға шынайы жауаптармен үлкен қызығушылықпен таныса аламыз. Сонымен қатар, кітап өмір бойы білім алу үшін бастапқы нүкте және қадамдық әрекет алгоритмі болуы мүмкін”, деп атап өтті.
Жинақты құрастырушылардың бірі заң ғылымдарының магистрі, “Bolashaq” Академиясының Жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, Қарағанды облыстық туристік клубының мүшесі, тарихшы-өлкетанушы, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі А.У. Илясова болды. Спикерлермен барлық кездесулердің модераторы директордың бейіндік жұмыс жөніндегі орынбасары Ж.Б. Жанадилова, оқу үздіктері Ксения Ничипуренко, Верник Владислава, Казакова Елизавета, Үсен Гүлзана балаларға табысқа жету үшін қуатты мотивация берген спикерлер бойынша лэпбуктар ұсынды.
“Bolashaq” Академиясының Педагогика кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., Д.С. Асакаева жинаққа шолуда ұсынылған кездесулердің тезистерінде отандастарымыздың табысының пәрменді формулалары енгізілгенін, одан кейін мақсатты қойып, ресурстар тауып, құралдар мен олардың жеке мүмкіндіктерін пайдалана отырып, нәтижесінде саналы таңдау траекториясын құруға болатынын атап көрсетеді.
Бұл жинақ “Bolashaq” Академиясының Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейімен бірлескен шығармашылық қызметінің нәтижесі болды. Одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз!