Санақ қызметкерлерін жалдау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Ұлттық статистика бюросының департаменті ақылы қызмет көрсету шарты бойынша санақ персоналын қабылдауды жариялайды:

Нұсқаушы-бақылаушы:


Жұмыс кезеңі:

2021 жылғы 24 қыркүйектен 7 қарашаға дейін;

Негізгі функциялары:


Интервьюерлерді оқыту, интервьюерлер жұмысының сапасына бақылау жүргізу, санақ парақтарының толық толтырылуын, алынған алғашқы статистикалық деректердің қамтылуы мен дұрыстығын бақылау;

Еңбекақысы:


125 мың теңге (бүкіл жұмыс кезеңі үшін).

Интервьюер (есептеуіш):


Жұмыс кезеңі:

2021 жылғы 1-30 қазан аралығында;

Негізгі функциялары:

Үй шаруашылықтары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, бекітілген есеп учаскесінде планшетте электронды түрде халық санағын жүргізу.

Еңбекақысы:

Есеп учаскесінде 833 адамның орташа жүктемесі кезінде 104 мың теңге.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

-жасы-18 және одан жоғары;

-білімі-жоғары, техникалық және кәсіптік (орта арнайы), орта білімнен кейінгі, жалпы орта білім, жұмыс өтілі бойынша талап қойылмайды;

-портативті құрылғы-планшеттермен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру-Санақтың нұсқаушы-бақылаушылары мен интервьюерлеріне үміткерлер коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялаудың толық курсынан өткен жағдайда жұмысқа тартылады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.