“Bolashaq” академиясының қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамы басшыларға әріптестеріне көрсеткен қамқорлығы үшін шын жүректен алғыс білдіреді.
Дәстүрлі ізгі әрекетке алғыс айту!
Құрметті академия ұжымы бүгін жылдың басы және ең сыпайы күн – Алғыс айту күні. Осы күні жыл сайын бізге, академия басшылығы бірнеше жылдардан бері дәстүрге көшкен әлеуметтік көмек көрсетеді, сол жайында айтарым тек қана – мың да бір алғыс!
Негізі алғыс айту жөнінде көптеген жағымды ой-пікір қалыптасқан. Рақмет айтып, ризашылық сезімін білдіру – бата-тілек айту – психологиямыздың мықты болмысын дәлелдейтін дәстүр.
Философ Иммануил Кант алғыс айтуды екі түрге бөлген. Көмек көрсеткені үшін әдеппен рақмет айту және «Іс жүзіндегі алғыс». Ол дегеніміз игі іске ілтипатты сөздермен, моральдық тұрғыдан, ісіңмен, материалдық көмектесу. Канттың пайымдауынша, алғыс айтуды әр адам алдына қойған моральдық міндетім деп сезінуі тиіс.
Философ Андре Конт-Спонвилль адамның жүрегінен шыққан шынайы алғыс – алғыс иесі мен алғыс қабылдаушы, яғни екі адамның да жанын жадырататынын айтады. Екеуі де бұл дүниеде жалғыз еместігін, бір-бірін түсінетінін, бір-біріне қажеттігін түсінеді.
Көбіне жақындағы жандарымыздың қадіріне жете бермейміз. Жаныңа ардақты жандардың бары үшін рақмет айтайық!
Алғыс айту үшін арнайы күнді күтпейік. Мүмкіндігінше жақсы сөз айтудан жалықпай, бір-бірімізден жан жылуымызды аямайық.
Ақ тілек періштенің құлағына шалынып, мерекеде тілеген тілектерің өздеріңе де ақ ниет болып қайтсын!
Ең алдымен, елімізде тыныштық, өзара сенімділік, бейбітшілік пен бітімгерлік болсын! Шыңында да осындай көмек жәрдемнен кейін кәдімгідей рухтанып, қөніл көтеріп әжептауір шабыттанып калады екенсін. Сондықтан осы ниетімізден айырылмайық, осындай мерекеде бір бірімізге рахмет айтып, қөніл күйімізді көтере жүрейік!
Заң пәндері кафедрасының меңгерушісі профессор Қабжанов А. Т.
Бұл күні өзіміздің”Bolashaq” Академиямызға шынайы алғыс сөздерін айтқым келеді. Академия басшылығы бізге адал, қажырлы еңбегіміз үшін жыл сайын “рахмет” айтады, ал біз өз кезегімізде Болашағымызға біздің үлкен де тату ұжымның әрбір мүшесіне көрсеткен қамқорлығы үшін “рахмет” дейміз.
Масс-медиа орталығының директоры Хайруллина А.Ф.
“Bolashaq” Академиясының барлық қызметкерлеріне алғыс айту күнінде нан себетін сыйға тарту дәстүрі – тамаша дәстүрі жалғасуда. Отбасы үстеліне ұннан жасалған көптеген түрлі тәттілерді қою, оларды туыстармен және достармен бөлісу және осы тәтті-дәмдіні біздің жұмысымыздан берді деп айту өте ғанибет, жағымды, қуанышты. Бұған барлығы таңғалады, сүйсінеді. Жай күндері біз сыйлық ретінде нанның құндылығы туралы ойламаймыз, бүгін бұл мүмкіндік қайтадан пайда болды. Тәтті тоқаш нандар, шайға арналған торт, бірінші және екінші тағамдарға арналған қара және ақ нан. Біз әр түрлі нанның дәмін татып тамсанамыз, өйткені біз түрлі себептермен нанның әрбір түрлерін күнделікті сатып алмаймыз. Нанның хош иісі! Далада ауа-райы салқын болып тұр, бірақ біз жан жылуын сезінеміз.
Шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының атынан көптеген жылдар бойы осы керемет жұмысты атқарып келе жатқан әріптестерімізге алғыс айтамын: олар себетке салатын азық-түлік туралы ойлайды, тапсырыс береді, жеткізеді, бізге береді, көңілімізді көтереді, жұмыс орнымызды ерекше және одан да қымбат етеді.
Бегахметова Б. К., Шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы
“Bolashaq” академиясының басшылығына үлкен ризашылығымды білдіргім келеді.. Бүгінгі Алғыс айту күніне орай өз ұжымына “Азық-түлік” себетін сыйға тарту етіп отыр. Бұл бірнеше жылдар бойы қайталанып келе жатқан игі дәстүр.
Үлкен рахмет! Отбасыларыңыз аман, еңбектеріңіз жемісті болсын!
Сарбасова Қ.А. “Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту” кафедрасы
Сүйікті Академиямыздың әкімшілігіне бүгінгі алған сыйлығымыз үшін мың Алғыс !!!
Академиямыз өсе берсін, өне берсін!
Студенттерге қызмет көрсету орталығының жетекшісі Туғанбаева С. Т.
Академия Әкімшілігіне және Әріптестеріме, барлық қызметкерлерге шексіз алғысымды білдіремін !!!
Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Абылбаева Б. А.
Бүгін Алғыс айту күні және біз бәрімізге өмірде болып жатқан оқиғалар үшін алғыс айта аламыз: Құдайға — осы әлемді біз үшін жаратқаны үшін; ата — аналарымызға — бізді жарық дүниеге әкелгені үшін; достарымызға — олармен бірге біздің өміріміз қызықты және таңғажайып екендігі үшін; сүйіктілерімізге – өмірде бақыт бар екенін түсінгені үшін. Ризашылық күнімен!
Академия Дәрігері С. Г. Куур