“Bolashaq” академиясы Жастар ісі жөніндегі комитеті студенттер арасында Қарағанды қаласының 87 жылдығына арналған “Сүйікті қала – Қарағанды” атты шығармашыл жастар фестивалін ұйымдастырды. Қатысушылар өздерін эстрадалық ән айту, мәнерлеп оқу, сурет салу, бейне ролик жанрларында сынап көрді. Басты шарт – шығармашылық жұмыстарды шахтерлер астанасына арнау керек. Студенттердің жұмыстары Instagram парақшасында жарияланды және дауыстардың, лайктардың, пікірлердің көмегімен желі қолданушылары достарына қолдау көрсетті, ал қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады. Қатысушылардың 27 жұмысы қаралды. Алайда жеңімпаздар саны жетеу болды. Бас жүлдені қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 4-курс студенттері Төребаева Асыл мен Кабай Күннұр иеленді.
You may also like
Фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Темиреева Кумисжан Слямгазиновна 18.11.2024 ж Қарағанды облыстық жоғарғы мейіргерлік ісі колледжінде Мейіргерлік ісі және фармация факультетінің 2 […]
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі онлайн-дәрістер арқылы жастар арасында парасаттылық қағидаттарын ілгерілетуді жалғастыруда. Кезекті «Адалдық сағатының» қонағы қазіргі таңда қазақ әдебиеті мен […]
“Құқықтану” ББ 1 курс магистранты Казанаева Лилия Игоревна з.ғ.к., профессор Қабжанов Ақылбек Тайбулатұлының ғылыми жетекшілігімен Павлодар қаласының “Торайғыров университеті” КЕАҚ-да “Жаңа Қазақстан: […]