Бүгін «Bolashaq» академиясының студенттері мен оқытушылары үшін Қарағанды қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Медеубаев Сұлтан Бейсенбайұлы және отставкадағы заңгер, әділет кеңесшісі, «Біргеміз-Қарағанды» Қоғамдық қорының төрағасы Менсиитов Эриктің қатысуымен республикалық референдум туралы ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.


✒️ Кездесу барысында спикерлер референдум арқылы өтетін өзгерістер ел тағдырының өзгеруіне және «Жаңа Қазақстанды» қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ, ел Президенттің өз өкілеттіктерін Үкіметке, министрліктерге, жергілікті атқарушы органдарға беру мәселесі бойынша жергілікті әкімдер мен мәслихаттар депутаттарының сайлауын өзгертуге үлкен үміт артатынын атап өтті.

? Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды. Соңында спикерлер барлық жиналғандарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға және республикалық референдумда дауыс беруге қатысуға шақырды.
#janaqazaqstan #референдум