Құқықтық мәдениетке тәрбиелеу

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” білім беру бағдарламасы студенттерінің арасында онлайн режимінде “Құқықтық мәдениет” тақырыбында кураторлық сағат өтті.

«Рухани Жанғыру» бағдарламасы бойынша «Құқықтық мәдениет» тақырыбында өткен тәрбие сағатына ДОВ-19-2 тобының студенттері: Мателова Раушан, Төлеген Айдана, Бөкен Алтан және Пмно-19-2 тобының студенттері: Анарбаева Мадина, Әбдірахманова Дильназ, Әбілхамит Шамшия, Бекбмағанбет Эльмира, Көшенова Диана, Еркін Сағыныш және т.б. студенттер қатысты.

Кураторлық сағаттың мақсаты: Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Ұйымдастырушылыр: «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушылары Жанысбаева Р.М. және Бакарамова С.А. сөз кезегінде;

– Құқық дегеніміз не?

– Құқықтық мәдениет адамға не үшін қажет?

деген сұрақтарға анықтама беріп өтті.

Құқық — бұл мемлекет бекіткен және рұқсат еткен жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің жиынтығы, құқық адамдардың арасындағы маңызды қатынастарды реттейтін, оның орындалуын мемлекет қадағалап отыратын жалпы білімдік нормалар жүйесі.

Құқықтық мәдениет адамға жеке басының рухани қажеттілігін өтеу үшін керек. Қазақстан Республикасы — демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Әрбір азамат өзінің әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын пайдалана білу керек, бірақ оны жүзеге асыруда басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылмауы, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірілмеуі тиіс.

ДОВ-19-2 тобының студенті: Мателова Раушан «Құқықтық мәдениет» тақырыбына дайындаған баяндамасын оқыды. Студенттер аса қызығушылықпен тыңдады.

Сонымен қатар Пмно-19-2 тобының студенттері: Анарбаева Мадина, Әбдірахманова Дильназ осы тақырып аясында даярлаған баяндамаларын оқыды. Баяндаманы зейін қойып тындаған студенттер әр қайсысы өз пікірлерін білдірді. Сөз соңында Дов-19-2 тобының кураторы Жанысбаева Р.М. және эдвайзер Бакарамова С.А ат салысқан студенттерге өз алғыстарын білдірді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.