24 қазан күні “Bolashaq” Академиясында Республика күніне арналған концерттік іс-шара өтті.
Концерт Әнұранмен ашылып, Академия ректоры Г.М.Рысмагамбетованың ізгі тілегімен жалғасын тапты.
Мерекелік іс шара Академиямыздың оқытушы құрамы мен қызметкерлеріне Академия Алғыс хаттары мен облыс, қала әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын салтанатты түрде табыстаумен жалғасын тапты. Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Одан әрі концерттік іс- шараға ұласып, белсенді студенттеріміз ән шырқап, жалынды поэзиясымен көпшілікті құттықтады. Кеш жүргізушілері:
Науменко Полина мен талантты шоумен Иманбаев Біржан және өнерлі студенттеріміз:
К-20-1 Жұрағат Аймарал
Ю-20-1 Оңдасынова Мадина
К-21-1 Шари Қымбат
Ю-21-2 Усербаева Жанаргуль
Ин-22-2 Хағазбай Ұлжандарға ыстық ықылас жолдаймыз!!!