«Қазақстандық диалектикалық логика мектебі: тарих және қазіргі заман» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-теориялық конференция

2023 жылғы 17 қазанда Алматыда ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтында философия ғылымдарының докторы, профессор Сәбит Мұрат Сәбитұлының 85 жылдығына арналған «Қазақстандық диалектикалық логика мектебі: тарих және қазіргі заман» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Ғылыми-теориялық конференцияның мақсаты гуманитарлық ғылымның эволюциясының динамикасы және әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын бекіту тұрғысында қазақстандық философияның даму перспективаларын талқылау болды.

Осы конференцияның пленарлық кеңесінде философ, ғалым Ф.Ф. Саттарова «Қазақстандық диалектикалық логика мектебі: ғылыми таным, методология, жауапкершілік, адамгершілік» тақырыбында баяндама жасады.

Қарағанды «Bolashaq» Академиясының ректоры,  профессор Г.М. Рысмағамбетованың құтықтау хаты мен атақты жазушы С. Сейфуллиннің энциклопедиясы сыйлыққа тартылды. «Алматы» телеканалына философ Мұрат Сәбитұлының Қазақстандық диалектикалық логика мектебінде ғылыми  таным мен пәнаралық синтез  методологиясын қалыптастырудағы рөлі туралы сұхбат берілді.

 

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.