Қайырымдылық – ізгіліктің анық көрінісі, адам бойындағы асыл қасиет. Мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі – осы асыл қасиетіміз. Сондықтан әрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, Алланың разылығын аңсаған халдегі мұқтаж жандарға шын пейілмен қол ұшын беруі – игілікті іс.
Он екі айдың сұлтаны болған Қасиетті рамазан айында «Bolashaq» академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Мейірім» волонтерлік қозғалысының студенттерімен бірлесе отырып, 7 сәуір күні отбасы жағдайы аз қамтылған студенттерге арнап «Рамазан – жақсылық жаршысы» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Осындай игі шаралар алдағы уақытта, яғни, осы қасиетті айда жалғасын таба бермек.