“Болашаққа көзқарас” Еуразиялық патенттік Универсиадасына қатысуға шақырамыз

Еуразиялық патенттік ведомствосы Еуразиялық патенттік ұйымның 25 жылдығына арналған “Болашаққа көзқарас” Еуразиялық патенттік Универсиадасын өткізу туралы хабарлайды.

Универсиада дарынды жастарды қолдау, олардың зияткерлік меншік мәселелеріне деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізіледі.

Универсиадаға қатысуға 18-25 жас аралығындағы білім беру ұйымдарының оқушылары мен өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.

Универсиада келесі тақырыптар бойынша шығармашылық жұмыстар конкурсы (ғылыми-техникалық шығармашылық нәтижелері баяндалған жұмыстар) түрінде өткізіледі:

“Біз-Н. Тесланың ұрпағымыз. Табиғаттың барлық заңдары біздің қолымызда»;
“Біз-Д. Менделеевтің ұрпағымыз. Химияландырамыз ба? Иә! Өмір сүру ұзақтығын арттырамыз!»;
“Біз-Авиценаның ұрпағымыз. Біз “Медициналық ғылым канонының” алтыншы томын жасаймыз!»;
“Біз-А. Гаудидің ұрпағымыз. Ертеңгі қала, ол қандай?»;
“Әрқашан байланыста-бірге оқимыз, бірге демаламыз. Қашықтықтан оқыту және интерактивті демалыс жүйелері»;
“Әлеуметтік желілердегі әлеуметтік қашықтық – қазіргі әлемде қауіпсіз коммуникацияны қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері»;
“Вирустан қорғау – жау өте алмайды ! Дәрігерлер мен пациенттерді инфекциядан жеке қорғау жүйелері»;
“Тезірек, жоғары, күшті және … жақын! Пандемия жағдайында спорттық форманы сақтауға арналған инновациялық тренажерлер мен жүйелер”.

Шығармашылық жұмыс орыс немесе ағылшын тілдерінде ұсынылуы мүмкін. Жұмыс көлемі бір жақты басылған баспа мәтінінің 20 бетінен аспауы тиіс.

Шығармашылық жұмысқа шығармашылық жұмыста баяндалған ақпаратты неғұрлым көрнекі көрсету үшін қажетті фотосуреттер, иллюстрациялар, суреттер, графиктер, сызбалар қоса берілуі мүмкін.

Шығармашылық жұмыстарды жіберу мерзімі: 2020 жылғы 15 қазан – 2021 жылғы 28 ақпан аралығы.

Универсиада қорытындысы 2021 жылдың 31 наурызына дейін жарияланады.

Эпидемиологиялық тоқтауды ескере отырып, жұмыстар негізінен міндетті түрде “Болашаққа көзқарас ” Еуразиялық патенттік Универсиадасына қатысу үшін” ескертілуімен info@eapo.org электрондық пошта мекенжайына жіберу арқылы электрондық түрде ұсынылады, (қоса берілген файлдардың көлемі 10 Мб-тан аспауы тиіс).

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/02/Управление-по-вопросам-молодежной-политики-Информационное-письмо.pdf

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.