ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау

     9 қыркүйек күні “Bolashaq”  академиясында  Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы облыстық филиалының басшысы,  Башай Меруеш ханымның қатысуымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.  Спикер халықтың әл-ауқатын арттыруға, экономиканы нығайтуға, әділ мемлекет құруға, заңның үстемдігін белгілеуге қатысты Мемлекет Басшысы Жолдауының маңызды ережелеріне қысқаша тоқталды. Сондай-ақ, спикер Президент ерекше назар аударатын білім беру мәселелерін қозғады.


      Мектеп түлектері санының өсуіне және білім беру қызметтеріне сұраныстың артуына байланысты жоғары оқу орындарының алдында қазіргі заманғы талаптарға сай болу және білім беру сапасын одан әрі арттыру міндеті тұрғандығын атап өтті.


     Академия студенттері ҚР Президенті Жолдауының міндеттерін сапалы жүзеге асырудың түрлі аспектілері бойынша спикермен белсенді түрде пікір алмасты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.