2021 жылдың 4 маусымында ҚР Мемлекеттік рәміздері күні Қарағанды облысының “Сарыарқа дарыны” балаларға арналған қосымша білім берудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығының бастамасымен Zoom платформасында Заң пәндері кафедрасының меңгерушісі Ақылбек Тайболатұлы Қабжанов Қарағанды қаласының 7 және 8 сынып оқушыларымен кездесті.
Кездесуде Ақылбек Тайболатұлы “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері” тақырыбында баяндама жасады. Кездесу қазақ және орыс тілдерінде өтті.
1992 жылғы 4 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы Заңдарға қол қойды. Сол уақыттан бері бұл күн қазақстандықтар үшін басты мерекелердің біріне айналды.
Мемлекеттік рәміздер қоғамның саяси мәдениетінің бір бөлігі бола отырып, рухани, идеялық-адамгершілік мәдениеттің дамуына және елдің тәуелсіздігі, өзіндік ерекшелігі идеяларының іске асырылуына ықпал етеді. Өз Отанына, ізгілікке, сұлулыққа қызмет етудің, халықтың тарихи тамыры мен дәстүрлерін құрметтеудің жоғары мұраттары мемлекеттік рәміздерде көрініс тапқан.
Мемлекеттік рәміздер мемлекет азаматтары үшін, өскелең ұрпақ үшін үлкен адамгершілік мәнге ие. Нағыз патриот үшін Ту, Елтаңба-бұл жай ғана рәміздер емес, бұл туған жердің үстіндегі аспан мен күн, бұл туған үйдің бейнесі. Әрбір азамат мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тиіс.
Рәміздер әлемдік контексте қазақстандық қоғамның бейнесін қалыптастырады. Қазақстанда жаңа мемлекеттік рәміздерді жеке қабылдаудың табиғи процесі жүріп жатыр.
Егемен Қазақстанның рәмізі тәуелсіз мемлекет идеологиясының, оның тарихи дамуының, ойлауы мен философиясының негізгі бағыттарын көрсетеді.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу бірқатар маңызды конституциялық нормаларға жатады. 2007 жылғы 4 маусымдағы “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы” Конституциялық заңда оның аумағындағы барлық адамдар туды, елтаңбаны, гимнді құрметтеуге міндетті делінген.
Жастар ортасында патриотизмді тәрбиелеу ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2050 “Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында қойылған басым міндеттердің бірі болып табылады.
“Bolashaq” академиясы баршаңызды мерекемен құттықтайды! Сіздерге зор денсаулық, бақыт және амандық, Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін еңбекте табыс тілейміз!
Бұл кездесу https://www.instagram.com/p/CPup7bDB4fb/ әлеуметтік желілерінде көрініс тапты: